Салыстырып тексеру зертханасының келесі өлшем түрлері бойынша салыстырып тексеруде практикалық тәжірибесі бар:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • қысымды өлшеу;

  • геометриялық шамаларды өлшеу;

  • күш пен қаттылықты өлшеу;

  • механикалық шамаларды өлшеу;

  • сұйықтықтар мен газдардың шығыны мен мөлшерін өлшеу;

  • физика-химиялық өлшемдер;

  • жылуфизикалық және температуралық өлшемдер;

  • оптика-физикалық өлшемдер;

  • электрлік өлшемдер;

  • уақыт пен жиілікті өлшеу;

  • радиотехникалық өлшемдер.

Филиалдың метрологиялық қызметі жұмыстың келесі түрлері бойынша қызмет көрсетуге дайын:

  • өлшем құралдарын салыстырып тексеру және сынақ жабдықтарын аттестаттау;

  • өлшеулер жүргізу, оның ішінде аса күрделі және дәл өлшеулер;

  • сынақтар жүргізу;

  • сынақ, талдау және өлшеу зертханаларындағы өлшемдердің жай-күйін бағалауды жүргізу;

  • өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында әдістемелік көмек көрсету.

Филиалдың метрологиялық қызметінде «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті эталондық және техникалық база, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген білікті мамандар бар.

Коммерциялық ұсыныс (КҰ) ұсынуға өтінім

МҚ-ға арналған «ҰСОС» АФ шарты

Өтінім нысанының қосымшасы