Стандарттау біздің өміріміз, мүлік және қоршаған орта үшін қызметтердің, өнімдердің, жұмыстардың қауіпсіздігін, өнімнің үйлесімділігі мен өзара алмастырылуын, өнімнің, жұмыстың, қызметтің сапасын қамтамасыз етеді және ресурстарды үнемдеуге ықпал етеді.

Стандарттау саласындағы қызметтер:

  • стандарттау жөніндегі құжаттарды өзектендіру және өнім өндірушілер мен қызметтерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • ұйым стандарттарының жобаларын әзірлеу/сараптау;
  • өнімнің таңбалануын жасау және (немесе) өнімнің таңбалануын стандарттар мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін тексеру;
  • стандарттау жөніндегі құжаттардың мәтіндерін және (немесе) жобаларын аудару;
  • стандарттау мәселелері бойынша кеңес беру.

Қосымша жұмыс түрлері:

  • талдау, өлшеу және сынақ зертханаларындағы өлшемдердің жай-күйін бағалау (Алматы, Қарағанды филиалдары);
  • талдау, өлшеу және сынақ зертханаларында өлшеулердің жай-күйін бағалау туралы куәлікті қайта ресімдеу (Алматы филиалы);
  • сынау жабдықтарын аттестаттау (Алматы филиалы);
  • өндірістік ортаның физикалық факторларын өлшеу (Алматы филиалы);
  • өлшемдерді орындау әдістемелерін сараптау (ӨОӘ) (Алматы, Қарағанды филиалдары);
  • химиялық өнімге қауіпсіздік паспортын әзірлеу (Алматы, Қарағанды);
  • еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау (Алматы, Қарағанды филиалдары);
  • өнімдер мен жабдықтарды кәсіпорындарда есептен шығару (Алматы филиалы);
  • өнімге паспорт әзірлеу (Алматы филиалы);
  • кәсіпорындардың өтінімдері бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, шығармашылық кештер өткізу бойынша техникалық қызметтер көрсету (Қостанай филиалы);
  • Техникалық реттеу және стандарттау мәселелері бойынша тақырыптарды жариялай отырып, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (біліктілігін арттыру) бойынша оқыту семинарларын өткізу (Қостанай филиалы);
  • қызметкерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқыту (Қарағанды филиалы);
  • өнімге штрих-код алуға әдістемелік көмек (Қызылорда филиалы);
  • азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінің аудиті (Қостанай филиалы);
  • тамақ өнімдеріне рецептура және технологиялық нұсқаулық жасау (Жамбыл, Маңғыстау филиалдары);
  • отандық қызметтерді жеткізушінің құжаттарын сараптау (Жамбыл филиалы).

Компанияның анықтамалық-ақпараттық қоры (ААҚ)

Компанияның ААҚ шаруашылық жүргізуші субъектілерге жедел және сапалы қызмет көрсету үшін ақпарат көзі болып табылады және қағаз, сондай-ақ электрондық тасығыштарда 20 мыңнан астам құжаттардан тұрады.

Қол жетімділігі бар ақпараттық жүйе (“Кеден одағы. Ресми ақпарат көздері негізінде құрылған және Еуразиялық одақ шеңберінде техникалық реттеу саласындағы құжаттардың өзекті ақпаратын қамтитын техникалық реттеу” ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) болып табылады.

“Параграф” ақпараттық жүйесі құқықтық салада бағдарлануға көмектеседі.

ААҚ-қа республика өңірлеріндегі филиалдардың анықтамалық-ақпараттық қорлары кіреді, онда стандарттарды өзектендіруге жауапты мамандар әрқашан мыңдаған құжаттардың арасында бағдар табуға және осы сала бойынша өзекті ақпаратты табуға көмектеседі:

  • Қазақстан Республикасының техникалық регламенттеріне және республиканың басқа да нормативтік құқықтық актілеріне;
  • Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне және Одақтың басқа да нормативтік құқықтық актілеріне;
  • Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары (ҚР СТ), қағидалар (ҚР және Қазақстан Республикасының ұсынымдары (ҚР Р);
  • мемлекетаралық (өңірлік) стандарттар (МЕМСТ);
  • Ресей Федерациясының (МЕМСТ Р) және Беларусь Республикасының (СТБ) ұлттық стандарттары;
  • өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тексеру әдістемелеріне (ТӘ), әдістемелік нұсқауларға (ӘН), нұсқаулықтарға (Н), метрология жөніндегі ұсынымдарға(Ұ), басшылық құжаттарға (БҚ) және басқа да құжаттарға;
  • ведомстволық (салалық) құжаттар.

Стандарттау жөніндегі құжаттарды өзектендіру

Стандарттау жөніндегі құжаттарды өзектендіру-оларға белгіленген тәртіппен қабылданған өзгерістерді, олардың қолданылу мерзімі туралы, қайта қарау, шектеу немесе күшін жою туралы ақпаратты енгізу арқылы құжаттарды өзекті күйде ұстау процесі.

Өзектендіруден өтпеген стандарттау жөніндегі құжаттар кәсіпорындардың жұмысына жіберілмейді.